AlmaU-дың EMBA бағдарламасы әлемдегі ең үздіктердің қатарында

AlmaU-дың EMBA бағдарламасы әлемдегі ең үздіктердің қатарында

AlmaU-дың EMBA бағдарламасы әлемдегі ең үздіктердің қатарында

Almaty Management University (AlmaU) және Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (СПбМУ) бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық» Executive MBA бағдарламасы QS Executive MBA Rankings 2025 беделді әлемдік рейтингінде 24 орынға ие болды. Бұл, Қазақстан мен ТМД елдерінен осы номинация бойынша өңірді жаһандық білім беру аренасында лайықты танытқан жалғыз бағдарлама. 2025 жылы рейтинг әлемнің 50 еліндегі 232 Executive MBA бағдарламасын қамтыды.

Рейтингтің негізгі критерийі Executive Profile бойынша бағдарлама мүмкін болатын 100 ұпайдан 81,8 ұпай алды. Ол MBA тыңдаушыларың кәсіби тәжірибесін, жетілгендігін және басқару деңгейін бағалайды. Аймақтағы бұл жоғары көрсеткіш бағдарламаның контингенті мен мазмұнының ерекше сапасын көрсетеді.

«Біз AlmaU мен Санкт-Петербург мемлекеттік университеті арасындағы синергетиканың арқасында әлемнің жетекші бизнес мектептерімен бәсекеге түсе алатын бағдарлама жасалғанын мақтан тұтамыз. QS Executive MBA Ranking мұндай альянстың бизнес-білім берудің ең жоғары стандарттарына сәйкес келетінін растайды», – деп атап өтті AlmaU ректоры Гүлнара Күренкеева.

Оның айтуынша, бұл жетістік Қазақстанның дүниежүзілік білім картасындағы интеллектуалдық және имидждік әлеуетін нығайтуға қосылған маңызды үлесі болып табылады.

Бағдарлама білім беру шешімдерін экспорттау саласында флагмандық жобаға айналып, басқарудың озық тәжірибелері дәл Қазақстанда қалыптасатынын және жаңа дәуірдің көшбасшылары осы жерде дайындайтынын айқын көрсетті. Олар жаһандық экономиканың қарқынды трансформация жағдайында тиімді әрекет етуге дайын екенің дәлелдеді.

Мұндай табыстар мемлекеттің стратегиялық бағыты мен тұрақты халықаралық мойындалуына бағытталған жаңа білім беру экожүйесін қалыптастырып жатқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр.