Heriot-Watt University Ақтөбедегі кампусында Ашық есік күні өтеді

Heriot-Watt University Ақтөбедегі кампусында Ашық есік күні өтеді

Heriot-Watt University Ақтөбедегі кампусында Ашық есік күні өтеді

15 мамыр күні сағат 18:00-де Heriot-Watt University-дің Ақтөбедегі кампусында Ашық есік күні ұйымдастырылады. Шара аясында талапкерлер мен олардың ата-аналарына халықаралық білім беру мүмкіндіктері мен қос дипломды бағдарлама туралы кеңінен ақпарат беріледі.

Бұл іс-шара – болашағын сапалы біліммен байланыстырғысы келетін жастар үшін үлкен мүмкіндік.

 

Неге қатысу керек?

✔ Шетелдік білім алудың артықшылықтарын түсіну;

✔ Эдинбург және Малайзиядағы академиялық ұтқырлық бағдарламасынан оралған студенттердің шынайы оқиғаларын есту;

✔ Heriot-Watt University түлектерінің жетістіктерімен танысу;

✔ Глобалдық білім беру және халықаралық ынтымақтастық тақырыптарында Heriot-Watt университетінің шетелдік профессорларының баяндамалары.

✔ Университетке түсу шарттары мен студенттік өмір жайлы толық мағлұмат алу.

 

Бұл Ашық есік күні – Heriot-Watt University білім ордасын жақыннан танып, студенттік өмірдің ерекшеліктерін көру үшін тамаша мүмкіндік. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысқан студенттердің тәжірибесін тыңдап, өзіңе шабыт аласың.

 

Өткізу орны: Heriot-Watt University кампусы, Ақтөбе қаласы, ғайынды Жұбановтар көшесі, 263.

Ақпарат үшін: Баспасөз қызметі +77026515657.

 

Heriot-Watt University туралы:

1821 жылы негізі қаланған Heriot-Watt University – әлемге танымал халықаралық жоғары оқу орындарының бірі. Университет инженерия, бизнес, IT салаларында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.