Абай университетінде QS WUR халықаралық рейтингіндегі университеттердің нәтижелері талқыланды

Абай университетінде QS WUR халықаралық рейтингіндегі университеттердің нәтижелері талқыланды

Абай университетінде QS WUR халықаралық рейтингіндегі университеттердің нәтижелері талқыланды

Бүгін, 12 мамырда, Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында QS халықаралық рейтингтік агенттігінің өңірлік директоры Сергей Кристолюбовпен «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық беделін арттыру және QS WUR халықаралық рейтингіндегі университеттердің нәтижелері туралы ақпараттандыру» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, Басқарма мүшелері – проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, факультет декандары мен декан орынбасарлары, департамент директорлары және кафедра меңгерушілері қатысты.

QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтинг агенттігінің өңірлік директоры Сергей Христолюбов университет қызметкерлеріне «2025 жылға арналған рейтинг циклінің негізгі нәтижелері» тақырыбында дәріс оқыды, ол онда университеттің позициялары мен перспективалары бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдар ұсынды.

Сергей Христолюбов өз баяндамасында 2025 жылғы пәндік рейтинг қорытындыларына тоқталып, Абай атындағы ҚазҰПУ «Білім және оқыту» пәндік бағыты бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеді. Университет осы бағытта әлемдік рейтингте 86-орынды иеленіп, Орталық Азия өңірі мен Қазақстан бойынша бірінші орынға тұрақтады.

Кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп халықаралық, өңірлік және жергілікті деңгейде білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың маңызды құралына айналған халықаралық рейтингтердің маңыздылығына тоқталды. Ректор сондай-ақ бұл рейтингтердің білім беру сапасын әлемдік стандарттар деңгейінде жетілдіруге, жоғары білім беру үдерістерін халықаралық тәжірибемен үйлестіруге және жаһандық трендтерді бақылауға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ талқылау барысында QS рейтингтері жүйесіндегі әдіснаманың өзекті мәселелері мен университеттің осы рейтингтер аясындағы даму әлеуеті талқыланды.