Dostyq EDU Fest: Көкшетауда түлектерге арналған кәсіби бағдар беру шарасы өтті

Dostyq EDU Fest: Көкшетауда түлектерге арналған кәсіби бағдар беру шарасы өтті

Dostyq EDU Fest: Көкшетауда түлектерге арналған кәсіби бағдар беру шарасы өтті

Бүгін Көкшетау қаласында дарынды жастарды қолдау және жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Study in Kazakhstan» көрмесі аясында «Dostyq EDU Fest» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 20-ға жуық жоғары оқу орындары, сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан шетелдік ЖОО-ның филиалдары қатысты. Көрмені ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ақмола облысының білім басқармасы, Ақмола облысы білім бөлімдері және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ұйымдастырды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында жоғары оқу орындарының көрмелері ұйымдастырылып, оқыту мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдар таратылды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев 9-11-сынып оқушыларына қазақстандық университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына түсу, сондай-ақ ҰБТ тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.