Абай университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Абай университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Абай университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбіліктің ашылу рәсімінде университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті арттырудың маңыздылығына тоқталды. Іс-шараға «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері де арнайы қатысып, бастамаға қолдау білдірді.

Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысып, белсенділік танытты.

Сенбілікке қатысушылар оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды тазартты. Ал жыл басынан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 100-ден аса студенті университет аумағында және Шухов атындағы гүлзар маңайында ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысты.