ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАЛЫҚ ZHUBANOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАЛЫҚ ZHUBANOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАЛЫҚ ZHUBANOV UNIVERSITY БАЗАСЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін қолайлы жағдай жасалып келеді. Университет қабырғасында Инклюзивті білім беру орталығымен қатар бірнеше психологиялық-педагогикалық құрылымдар қызмет етеді.

Орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, бақылау және супервизияға арналған жиынтық (Гезелл айнасы және веб-камера), тірек-қимыл аппараты бұзылған және сенсомоторлық бұзылыстары бар тұлғаларға арналған үлкейтілген компьютерлік жабдықтар, тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушыларға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, Томатис әдісіне негізделген сенсомоторлық жабдықтар және дидактикалық материалдар бар. Орталық базасында арнайы педагогика және психология саласында жоғары білікті мамандар жұмыс атқарады, сондай-ақ түзету-дамыту сабақтары, психологиялық кеңес беру, әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.

Инклюзивті білім беру кабинеті, «Сенім» әлеуметтендіру орталығы, «Сана» психологиялық кеңес беру кабинеті және қолданбалы психология зертханасы – ерекше қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу және олардың әлеуетін дамытуға бағытталған басты құрылымдар. Бұл орталықтар тек университет студенттерінің тәжірибелік білімін жетілдіру алаңы ғана емес, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға нақты психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін әлеуметтік маңызды алаң болып отыр.

Университет өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта инклюзивті орталықтың мүмкіндіктерін кеңейтіп, ата-аналар және қоғаммен бірлесе отырып, өңірлік деңгейде кешенді қолдау жүйесін дамыту жоспарда бар.