Esil University мен Barlau Global Distribution компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Университет бизнес өкілдерімен серіктестік қатынастарын белсенді түрде дамытып, білім беру мен экономика секторы арасындағы байланысты нығайтып жатыр.
Құжатқа сәйкес тараптар білім беру бағдарламаларын жаңғырту, студенттерді тәжірибелік қызметке тарту және ғылыми зерттеулерді дамыту мақсатында бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ерекше назар ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға, оның ішінде «Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыттарына аударылады.
Серіктестік аясында оқу зертханаларын құру, тағылымдамалар мен тәжірибелерді ұйымдастыру, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер үшін сертификаттау курстарын өткізу жоспарланған. Бұл болашақ мамандарға сұранысқа ие білім алуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық логистика және дистрибуция саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға да жаңа мүмкіндіктер ашады. Esil University мен индустрия өкілдерінің өзара іс-қимылы жаңа буын мамандарын даярлаудың және сапалы білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды алғышартына айналуды көздейді.