ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДИНАРА ЩЕГЛОВА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДИНАРА ЩЕГЛОВА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДИНАРА ЩЕГЛОВА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Шымкент қаласының тұрғындарымен ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Іс-шара Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өтті. Алдымен вице-министр оқу ордасындағы жас ғалымдардың ғылыми жобаларының көрмесімен танысты.

Кездесуде Динара Ринатқызы ғылым мен жоғары білім беруді дамытудағы атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталды. Жоғары білімге қолжетімділікті арттырудың жаңа тетіктері, жаңа кәсіптер мен құзіреттер атласы, кадр даярлау мен еңбек нарығындағы өзгерістерді болжауға бағытталған «Мамандығым – болашағым» жобасы, ғалымдарды қолдау, студенттердің шәкіртақысы және олардың жатақханалармен қамтылуы бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Динара Ринатқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектті дамыту және осы салада кадр даярлау жөніндегі тапсырмасы аясында AI-SANA оқыту платформасымен алғашқы кезеңде 650 мың студентті оқыту қамту жоспарланғанын, бүгінде 227 мың адам сертификат алғанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда 20 жоғары оқу орнымен жасанды интеллекті бойынша 21 білім беру бағдарламасы енгізілді, оның ішінде «Қолданбалы жасанды интеллекті», «Жасанды интеллекті және блокчейн инженериясы», «Кибернетика және ЖИ», «Медицинадағы ЖИ», «Жасанды интеллекті және деректерді талдау» және тағы басқалары бар. Магистратура мен докторантура деңгейінде «Кибернетика және ЖИ», «Жасанды интеллекті технологиялары», «Медицинадағы ЖИ», «Компьютерлік ғылым және жасанды интеллекті» атты жаңа білім беру бағдарламалары іске асырылып жатыр. Ал AI-SANA технологиялар тұғырымен І кезеңде 100 мың студент, ІІ кезеңде 60 мың, ІІІ кезеңде 1,5 мың стартап қалыптасады деп жоспарланған, оның 50-і халықаралық деңгейдегі стартап», – деп атап өтті Динара Щеглова.

Қала тұрғындары және ғалымдар ғалымдар мен студенттерге қолдау көрсету, жасанды интеллектті дамыту, халықаралық басылымдарға мақала жариялау, ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша сауалдарын қойды.

Кездесуден кейін Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төраға орынбасары Ақерке Абылайхан, Ғылым комитеті Ғылыми жобалар мен бағдарламалар басқармасының басшысы Ренат Елшібеков, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлия Сембаева азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Сондай-ақ Динара Ринатқызы профессор-оқытушы құрамы және жастарға жасанды интеллект бойынша дәріс оқыды. Әлия Сембаева еліміздегі технологияларды коммерцияландыру бойынша ақпараттандырды.