Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындарының форумы: жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындарының форумы: жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындарының форумы: жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық

Пәкістанның астанасы Исламабад қаласында Қазақстан мен Пәкістан жоғары оқу орындарының форумы және «Study in Kazakhstan» атты қазақстандық университеттердің көрмесі өтіп жатыр. Аталған іс-шаралар академиялық байланыстарды нығайту және жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Форум аясында Рудный индустриялық университетінің ректоры Нұрбек Сапарходжаев National Skills University Islamabad университеті өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуді, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуді, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы тәжірибе алмасуды, сондай-ақ ғылыми конференциялар, семинарлар мен тағылымдамалар ұйымдастыруды қамтиды.

Аталған келісім Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық интеграциясын кеңейту, отандық білім беру сапасын арттыру және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы достық қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып отыр. Ғылым мен жоғары білім саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту қазақстандық университеттердің жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және «Study in Kazakhstan» брендін ілгерілету бастамасын іске асыру міндеттеріне толық сәйкес келеді.