ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ САРАПТАЛДЫ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ САРАПТАЛДЫ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ САРАПТАЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Инклюзивті білім берудегі инновациялық технологиялар: әлемдік және отандық тәжірибе» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара барысында Үндістан, Түркия, Беларусь, Польша, Өзбекстаннан келген педагог ғалымдар инклюзивті білім беру саласындағы заманауи инновациялық технологияларды талқылау, әлемдік және ұлттық тәжірибелерді саралап, білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін идеяларымен бөлісті.

Ашық диалог білім беру саласындағы ғалымдар, тәжірибелі мамандар мен практиктердің тәжірибе алмасуына, жаңа ғылыми идеялар мен әдіснамалық ұстанымдарды дамытуға арналды. Жиынға қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы озық әлемдік тәжірибелер мен ұлттық тәжірибелерді талдап, салыстырды. Сарапшылар зиятының дамуында бұзылыстары бар білім алушылардың әлеуметтік жетістігінің негізі өмірлік құзыреттіліктерге ие болу деген ортақ пікірді тұжырымдайды.

Өмірлік құзыреттілік – баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын одан әрі дамытуға негіз болатын күнделікті өмірде қажетті білім, білік және дағдылардың жиынтығы, күнделікті өмірлік мәселелерді мүмкіндігінше өз бетінше шешу қабілеті ретінде қарастырылады. Ол үшін «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Ойынға үйрету», «Ойлауды қалыптастыру», «Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» ұйымдастырылады.

Шара барысында шетел және Қазақстанның жас ғалымдары, магистранттар мен докторанттар ғылыми жобаларды тиімді жоспарлау бойынша пікір алмасты. Түркиялық мамандар университеттегі арнайы педагогика бағытында білім алушы студенттермен кездесіп, жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстарға негіз қаланды.