ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілікке белсене қатысты.
Аталған акция Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Президент:
«Қастерлі Отанымызды көркейту – баршаға ортақ парыз. «Таза Қазақстан», бұл – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Біз әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек», – деп атап өткен болатын.
Министрлік қызметкерлері аталған бастаманың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ел тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Олардың айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы игі дәстүрге айналып, қоғамды бір мақсатқа жұмылдыратын ортақ құндылықтардың бірі болуға тиіс.
Сенбілік аясында Министрлік қызметкерлері қала көшелерін, саябақтарды, гүлзарлар мен аулаларды тазалау және абаттандыру жұмыстарына қатысты. Бұл бастама елорданың тазалығын сақтау және эстетикалық келбетін сақтау үшін ұжымдық жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.