Еуразиялық технологиялық университетінде Қазақстандық шахмат федерациясы мен Қазақстанның ұлттық спорттық студенттер одағы ұйымдастырған университеттер арасында шахматтан University Chess Cup командалық турнирі өтті.
ЕТУ түрлі деңгейдегі шахмат турнирлерін өткізетін орынға айналды. University Chess Cup – жүлде қоры 3 млн теңгені құрайтын кезекті турнир. 18-25 жас аралығындағы бакалавриат, магистратура, докторантура студенттерінен құралған 26 қазақстандық ЖОО-дан 34 команда рапид 10+5 бойынша турнирде жарысты.
Швейцария жүйесі бойынша 9 турдың қорытындысы бойынша ҚазҰУ командасы І орын және 900 мың теңге сомасындағы сертификатты жеңіп алды, AlmaU командасының шахматшыларына күміс кубок пен 600 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық берілді, ХАТУ өкілдері үшінші орынды және 400 мың теңге мөлшеріндегі жүлде қорын иеленді. ІV және V орындардың иегерлері де назардан тыс қалмады – ОАИУ және ЕҰУ құрама командалары 300 мың және 200 мың теңге жүлде қорымен жарысты аяқтады.
ЕТУ өкілдері шахматтан республикалық турнир өткізуді жыл сайынғы дәстүрге айналдыруға мүдделі екендерін жеткізіп, зияткерлік спортты ілгерілетуде Қазақстандық шахмат федерациясының негізгі серіктесі екендерін атап өтті.