БҚУ-да студенттік стартаптар байқауы өтті

БҚУ-да студенттік стартаптар байқауы өтті

БҚУ-да студенттік стартаптар байқауы өтті

Махамбет университеті қабырғасында Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында студенттерге арналған Start-up WKU жобалар байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жас өнертапқыштар мен креативті ой иелерінің тың идеяларын қолдау, оларды нақты әрі өміршең бизнес-жобаларға айналдыруға жол ашу. Іс-шара барысында студенттер өз стартаптарын ұсыну арқылы тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларын, көшбасшылық және презентациялық қабілеттерін де көрсетті.

Start-up WKU – университет тарапынан жастардың инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған ұзақмерзімді стратегия. БҚУ ректоры Н.Сергалиев атап өткендей:

«Бүгінгі студент ертеңгі маман. Біз әрбір жасқа өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастыруға мүдделіміз».

Байқауға 20-дан астам жоба қатысып, іріктеуден 8-і өтті. Олардың негізгі бағыттары: IT-технологиялар және цифрлық құралдарды қолдану арқылы өмірді жеңілдету; «Жасыл экономика» және экологиялық таза, орнықты шешімдер; әлеуметтік кәсіпкерлік пен инклюзивті бизнес-модельдер арқылы қоғамға оң әсер ету.

Үздік деп танылған жобалар университет жанындағы стартап-инкубатордың менторлық және техникалық қолдауына ие болады. Сондай-ақ жеңімпаздар өз стартаптарын ары қарай дамыту үшін инвесторлармен және сарапшылармен жеке жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.