«STUDY IN KAZAKHSTAN»: АТЫРАУЛЫҚ 3500 ОҚУШЫ КӨРМЕГЕ КЕЛДІ

«STUDY IN KAZAKHSTAN»: АТЫРАУЛЫҚ 3500 ОҚУШЫ КӨРМЕГЕ КЕЛДІ

«STUDY IN KAZAKHSTAN»: АТЫРАУЛЫҚ 3500 ОҚУШЫ КӨРМЕГЕ КЕЛДІ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен «Study in Kazakhstan» көрмесінде 3500 оқушы кеңес алды. Атырауда екі күнге жалғасқан көрме оқушылардың болашақ мамандығын сәтті таңдауына жол ашты. Олар 40-тан астам қазақстандық жоғары оқу орны мен 20-дан астам шетелдік университет филиалдарының сан-салалы мамандықтарымен жақын танысып, қажетті ақпараттарын алды.

Көрме аясында мектеп оқушыларына мемлекеттік білім беру гранттары жайлы да ақпараттар берілді. Биыл атыраулық талапкерлер үшін республикалық білім беру грантарынан бөлек қосымша гаранттар бөлінген.

«Study in Kazakhstan» көрмесінің басты мақсаты – өңірдегі ата-аналар мен оқушыларға үлкен мүмкіндіктерді таныстыру. Биыл министрлік Атырауға қосымша тағы да 500 грант бөліп отыр. Сондай-ақ талапкерлер шетелдік университеттердің филиалдарында мемлекеттік грант негізінде оқи алады», – деді Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев.

Көрменің тағы бір ерекшелігі – тәжірибелі мамандар мен кәсіби бағдар беру саласының сарапшылары ата-аналарға мамандық таңдауда баланың қабілетін,  қызығушылығын анықтау және нарықтағы сұранысты қалай ескеру қажеттігі туралы кеңестер берді. Бұл оқушыларға мектеп кезінен бастап дұрыс бағыт-бағдардың әдіс-тәсілдері кеңінен талқыланды. «Study in Kazakhstan» көрмесі биыл Қазақстанның батыс аймағында төртінші рет ауқымды түрде ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасымен елімізде ашылған Cardiff University, University of Arizona, Heriot-Watt University, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, SeoulTech сынды университет филиалдары Атырау қаласының мектептерін аралап, оқушылармен кездесті. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқу орындарына түсуге қатысты ақпаратты тікелей филиал өкілдерінен ала алды.