Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) базасында Түркі мәдениеті мен мұрасы орталығы ашылды

Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) базасында Түркі мәдениеті мен мұрасы орталығы ашылды

Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) базасында Түркі мәдениеті мен мұрасы орталығы ашылды

2025 жылдың 7 сәуірінде Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) мен Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қоры бірлескен білім беру және мәдени бастамаларды дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Халықаралық білім беру корпорациясына (ҚазБСҚА) жұмыс сапарымен Қордың Президенті Ақтоты Рахметоллақызы Раимқұлова бастаған делегация келді. Делегацияны Халықаралық білім беру корпорациясының Ректоры Маргарита Булатқызы Имандосова қарсы алды. Сапар аясында жаңартылған оқу корпусына таныстыру экскурсиясы өткізілді. Қонақтар заманауи аудиториялармен, зертханалармен, көрме кеңістіктерімен танысып, корпорацияның инфрақұрылымын көріп шықты.

Кездесудің басты оқиғасы – ХБК (ҚазБСҚА) базасында Түркі мәдениеті мен мұрасы орталығының салтанатты ашылуы болды. Жаңа орталық түркі халықтарының бай мәдени мұрасын зерделеу, насихаттау және сақтау, сондай-ақ осы бағыттағы білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру алаңы болмақ.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Раимқұлова ХБК-ның (ҚазБСҚА) өңірдегі жетекші сәулет-құрылыс жоғары оқу орны ретінде қала құрылысы, сәулет және дизайн контекстінде түркі мәдени мұрасын ілгерілетуге зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

Меморандумға қол қою тараптар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен академиялық және мәдени байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.