Ғылым апталығы

Ғылым апталығы

12 сәуір – елімізде маңызды күн – «Ғылым қызметкерлері күні» аталып өтеді.

🧬 Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын отандық ғылым мен білімнің жетістіктеріне назар аудартуға бағытталған дәстүрлі «Ғылым апталығы» аясында ауқымды іс-шаралар бағдарламасын ұйымдастырады.

🔬«Ғылым апталығы» аясында елімізде 100-ден астам іс-шара өтеді. Олардың ішінде дәрістер, конференциялар мен көрмелер бар. Бұл іс-шаралар жаңа зерттеулермен қатар ғалымдарымыздың еңбектерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

🔰 Апта аясындағы негізгі іс-шаралар:

☑️7 сәуір – Abai University-де «Білім берудегі VR/AR технологиясы» ғылыми зертханасының салтанатты ашылуы
☑️7 сәуір – Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «EKTU SCIENCE WEEK» бағдарламасының тұсаукесері
☑️️10 сәуір – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара
☑️10 сәуір – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Жас ғалым» форумы
☑️️11 сәуір – «Қазақстанның мәдени мұрасы: археология мен қоғамдық ғылымдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел
☑️12 сәуір – Қ.Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою
☑️️12 сәуір – Озық функционалдық материалдар мен олардың композиттерінің халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты ашылуы
☑️️12 сәуір – «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект: процестерді оңтайландыру және автоматтандыру шешімдері» халықаралық конференциясы