ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕРДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМЫ

ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕРДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМЫ

ӨҢІРЛІК СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕРДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМЫ

📜 Студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылды және 2023 жылдың тамызынан бастап барлық аймақтарда жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ғылым және жоғары білім министрлігінің студенттік омбудсмендері өңірлерде белсенді жұмыс істеуде.

✔ Студенттік омбудсмендер оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды, даулы жағдайларды шешуге жәрдемдеседі, академиялық құқықтардың сақталуын бақылайды және оқу үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

📍Омбудсмендер институты «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер Кеңесімен бірлесіп жатақханаларға мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында орындарды бөлу критерийлері мен тұру жағдайлары бағаланатын болады.

📌 Құрметті студенттер! Сіз өзіңіздің аймағыңыздағы студенттік омбудсмендерге құқығыңызды қорғауға, оқу процесіне және студенттік өмірдің басқа да маңызды аспектілеріне қатысты кез келген мәселелер бойынша көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласа аласыз.