«Jaña Däuir Aruy» – көшбасшы студент қыздар алаңы!

«Jaña Däuir Aruy» – көшбасшы студент қыздар алаңы!

«Jaña Däuir Aruy» – көшбасшы студент қыздар алаңы!

27-28 наурыз күндері Алматы қаласында алғаш рет «Jaña Däuir Aruy» атты I Республикалық студент қыздар шақырылымы өтуде. Шақырылымға еліміздің 12 өңірінен, 40-тан астам ЖОО-нан студент қыздар жиналды.

Ауқымды іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Алмалы аудандық Комьюнити орталығында өтуде.

«Jaña Däuir Aruy» шақырылымының басты мақсаты – студент қыздардың көшбасшылық әлеуетін арттыру, олардың білім, ғылым, кәсіпкерлік және инновация салаларында белсенділігін дамыту. Сондай-ақ қатысушылардың құқықтық сауаттылығын нығайтып, қоғамдағы әйелдердің рөлін күшейту арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашу көзделген.

Шақырылымда түрлі салаларда жоғары жетістікке жеткен, студенттік ұйымдар мен қоғамдық жобаларда белсенділік танытқан көшбасшы қыздар бас қосып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шарада көшбасшылық және өзін-өзі дамыту, кәсіпкерлік және стартап мәдениеті, ғылым, технология және инновация, спорт пен мәдени даму, волонтерлік пен қайырымдылық сияқты бағыттар қамтылды.

Форматтар:
* Панельдік сессиялар мен пікірталастар;
* Мастер-класстар мен тренингтер;
* QYZ Networking – таныстық пен идея алмасу алаңы;
* Мотивациялық кездесулер;
* TEDx форматындағы шабыттандырушы баяндамалар;
* Хакатон;
* Практикалық воркшоптар.

Шақырылым ел жастарына бағытталған тың идеялардың, серпінді бастамалардың ұйытқысы болатын, Қазақстанның жаңа дәуірдегі көшбасшы қыздарының басын қосатын тұрақты алаңға айналмақ.