Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті болғанына 6 жыл толды. Мемлекет басшысы білім мен ғылым сияқты маңызды салаларға ерекше назар аударады. Бұл ретте Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.
2019 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің саны 45,2%-ға өсті. 2021 жылдан бастап ҰБТ электронды форматқа ауыстырылды. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 2020 жылғы базалық деңгейден 100%-ға артты, бұл 170 мыңнан астам студентті қамтыды. Магистратура шәкіртақысы 60%-ға, докторантура шәкіртақысы 1,6 есе өсті. ЖОО оқытушыларының орташа жалақысы 30%-ға артты.
2023 жылдан бастап жетім студенттер мен I және II топтағы мүгедектерге жатақханаларда тұру шығындары алғаш рет өтеле бастады, 5 034 адам өтемақы алады.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» жинақтау жүйесі жобалары іске қосылды. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2024 жылы балалардың шоттарына шамамен 900 млн АҚШ доллары аударылды, ал бағдарлама қатысушыларының жалпы саны 2024 жылдың соңында 6 921 035 балаға жетті. Сондай-ақ ата-аналарға мемлекет көмегімен жоғары білім алу үшін қаржы жинақтауға мүмкіндік беретін жүйе енгізілді – бүгінгі күні 70 мыңнан астам шот ашылды. Сонымен қатар отбасыларды қолдау үшін жеңілдетілген несие бағдарламасы басталды.
2024 жылы QS рейтингінде алғаш рет 21 жоғары оқу орны (2019 жылы – 10) кірді. Times Higher Education рейтингіне 19 қазақстандық ЖОО қатысты, оның ішінде 4 ЖОО позицияларға ие болды.
2019 жылдан бастап 62 045 төсек-орынға арналған 251 жатақхана іске қосылды (2008-2018 жылдары – барлығы 9 мың орын). 2024 жылы 11 079 орынға арналған 40 жатақхана, 10 мың жаңа төсек-орынның 2 180-і жайлылығы жоғары. Осылайша, жатақхана орындарының тапшылығы 2019 жылғы 82 500 орыннан 2025 жылы шамамен 10 000 орынға дейін қысқарды. Биыл барлық өңірлер бойынша жатақхана тапшылығы толығымен жойылды, қажеттілік тек Алматы қаласында қалады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің ғылыми ұйымдары мен ЖОО-лары халықаралық деректер базаларына тегін қолжетімділікпен қамтамасыз етілді. 3 ұлттық университет (ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚазҰТЗУ) 3 суперкомпьютер алды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен үлкен деректерді талдау үшін негіз болатын 12 PFLOPS қуаттылығы бар Академиялық кластер құру жұмыстары жүргізілуде.
Ғылымды дамыту және технологиялық саясатты жүзеге асыруға бағытталған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның қабылдануы маңызды жетістіктің бірі саналады.
Ғылыми ұйымдар саны 2019 жылғы 386-дан 425-ке дейін өсті. ҒЗТКЖ қаржыландыру екі есеге көбейіп, 2019 жылғы 82,3 млрд теңгеден 172,6 млрд теңгеге артты. Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру енді үш жылда бір рет емес, жыл сайын жүргізіледі. Экология, су ресурстары, энергетика, тау-кен металлургиясы, биотехнология және АӨК салаларында 6 ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. 2019 жылдан бері 70 жаңа зертханалар ашылды.
Алғаш рет 351 жас ғалымға пәтер берілді (290 адамға ипотекалық бағдарлама бойынша және 61 адамға өтеусіз негізде). Коммерцияландыру бойынша 6 конкурс өткізілді. Жобалар 9 млрд тг көлемінде салық түсімдерін, 39,3 млрд тг сатудан түскен кірістерді, 14,5 млрд тг жеке инвестиция тартуды және 2 000 жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етті. 8 жоба экспортқа шықты, 7 жоба 1 млрд тг астам сатылымға жетті.
Ғылымның цифрлық экожүйесі құрылды, ол 25 мың ғалым мен 400-ден астам ғылыми-зерттеу институттарын біріктіреді. Ол өтінімдер мен сараптамадан бастап жобаларды бақылауға дейін ғалымдар мен институттардың цифрлық профильдерін, ғылымды қаржыландыруды автоматтандырады.
Барлық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен (Қазақмыс, Қазатомөнеркәсіп, ERG, ҚазМинералс, Қармет, ҚазақОйлАқтөбе, агрохакатон) ғылыми-технологиялық сессиялар іске қосылды. Биылғы жылы ғылыми-техникалық тапсырмалардың жалпы көлемінің 10%-ы ірі кәсіпорындармен нақты жұмыс нәтижелеріне негізделген.
Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылымы мен технологияларын дамытуға күрделі қаржы салымдарының 1 пайызын аударудың жаңа тетігі енгізілді.
Қазақстан әлемнің барлық негізгі өңірлерінен серіктестерді тарта отырып, Орталық Азияның білім беру хабына айналуда. Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында 31,5 мың шетелдік студент білім алуда. Жыл сайын 200 жоғары білікті ғалымдар шақырылып, бұл елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
12 елден жетекші жоғары оқу орындарының 34 филиалы ашылуда, бүгінде Ұлыбритания, Италия, ҚХР, РФ, АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея ЖОО-ның 23 филиалы ашылды.
Шетелде 5 қазақстандық ЖОО филиалы ашылды. Ресей тарихында алғаш рет білім беру нарығына шетелдік білім беру ұйымының филиалы кірді. Бұл – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы.