Ғылымды коммерцияландыру: Ғылым қорының қолдауымен балалар тағамының бірегей өнімі шығарылды

Ғылымды коммерцияландыру: Ғылым қорының қолдауымен балалар тағамының бірегей өнімі шығарылды

Ғылымды коммерцияландыру: Ғылым қорының қолдауымен балалар тағамының бірегей өнімі шығарылды

Ғылым қорының қолдауымен «Mini Monee» – Қазақстандағы алғашқы балалар тағамы бренд өнімдері шығарылды. «SaumalBiotech» ЖШС құрғақ ботқа мен қышқыл сүт өнімдерін өндіріп, оларды экспортқа шығаруға бағытталған. Барлық тауар сүт және сүт-астық негізінде жасалып, балаларға және диеталық тамақтануға арналған.

Жоба бие, ешкі және түйенің кептірілген сүтіне негізделген, жарма мен жеміс компоненттері қосылған бірегей өнімдерді ұсынады. Бұл өнімдер балалар мен арнайы тамақтану қажеттіліктері бар адамдар үшін пайдалы, өйткені олар гипоаллергенді қасиеттерімен ерекшеленетін функционалды қоспалардан тұрады.

Ғылым қорының қолдауымен «SaumalBiotech» балалар үшін қауіпсіз әрі пайдалы шешімдер ұсынып, отандық тағам индустриясының дамуына өз үлесін қосуда.