351 жас ғалым пәтер алды
Мемлекет ғалымдарға, оның ішінде жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында 2024 жылы 315 жас ғалым пәтер алды. Оның 290-ы «Отбасы банкімен» бірлесіп іске асырылатын арнайы ипотекалық бағдарлама аясында, ал 25-і өтеусіз негізде тұрғын үй алды. 2025 жылдың басынан 36 жас ғалым тегін негізде пәтер алды.