«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру

13 наурыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Таза Қазақстан: Экомәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дебат турнирі өтті. Іс-шараны «Парасат» пікірсайыс клубы ұйымдастырды.

Турнирдің мақсаты – жастардың назарын экологиялық мәселелерге аудару, олардың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Турнир барысында қарарлар толығымен экологиялық тақырыптарға арналды. Қатысушылар табиғатты қорғау, ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық инновацияларды енгізу секілді маңызды мәселелерді талқылады. Дебат қатысушыларға экологиялық тақырыптар бойынша білімдерін тереңдетіп қана қоймай, сонымен қатар сыни ойлау, дәлелді пікір айту және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Алдағы уақытта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.