Shakarim University мен Ядролық физика институты меморандумға қол қойды

Shakarim University мен Ядролық физика институты меморандумға қол қойды

Shakarim University мен Ядролық физика институты меморандумға қол қойды

Бүгін, 13 наурыз күні, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың қатысуымен Shakarim University мен ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

✅ Негізгі бағыттар:
- Ядролық физика, радиациялық қауіпсіздік және радиоэкология бойынша мамандар даярлау;
- Радиохимия, қатты дене физикасы саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Ядролық технологияларды өнеркәсіп, медицина және экологияға интеграциялау;
- NA62, DUNE, LHCb халықаралық жобаларына қатысу.

📍 Университет ректоры Думан Орынбеков атап өткендей, бұл – кадрларды даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту және ядролық технологияларды енгізу үшін жаңа перспективалар ашатын стратегиялық қадам.

«Shakarim University қазірдің өзінде жаратылыстану ғылымдары, инженерия және радиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарды мақсатты даярлап жатыр. Ядролық физика институтымен ынтымақтастық студенттер мен оқытушыларға озық жабдықтармен жұмыс істеуге, нақты ғылыми жобаларға қатысуға, жетекші зертханаларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Бұл кадрларды даярлау деңгейін арттырып қана қоймай, университеттің бүкіл өңірдің ғылыми және технологиялық дамуына қосқан үлесін күшейтеді», – деп атап өтті ректор.

📌 Shakarim University үшін жаңа мүмкіндіктер:
- Заманауи зертханаларға қолжетімділік;
- Жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту;
- Университеттің әлемдік рейтингтердегі позициясын нығайту;
- Ядролық физика, радиациялық қауіпсіздік және бұзбай бақылау әдістері бойынша кадрлар даярлау;
- Радиоэкология, радиохимия және қатты дене физикасы бағытындағы ғылыми зерттеулерді дамыту;
- Ядролық технологияларды іс жүзінде қолдану, инновациялық шешімдерді өнеркәсіп, медицина және экологияға енгізу;
- Ядролық физика институтының жетекші мамандары мен зертханалық ресурстарын тарта отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

«Семей полигонының экологиялық мұрасын елеусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан дәл осы жерде радиациялық қауіпсіздік, экожүйелерді қалпына келтіру бойынша шешімдер әзірленуі тиіс. Өңірдің ғылыми әлеуеті оның болашағына жұмыс істеуі керек», – деп атап өтті университет ректоры.

📈Бұл ынтымақтастық радиациялық қауіпсіздік, экожүйелерді қалпына келтіру және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.