Жұмыс берушілер METU студенттерін жаңа жұмыс орындарына шақырды

Жұмыс берушілер METU студенттерін жаңа жұмыс орындарына шақырды

Жұмыс берушілер METU студенттерін жаңа жұмыс орындарына шақырды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) студенттерін жұмыс берушілер жаңа жұмыс орындарына шақырды.

METU университетінде «Жаһандық студенттік көшбасшылық: дамуы, әсері, әрекеті» атты студенттік көшбасшылардың халықаралық форумы өтті. Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Ресей мемлекеттерінен спикерлер және METU-де Египет, Моңғолия, Қытай, Түркия, Ресей, Марокко, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да шетелден білім алып жатқан студенттер қатысты.

Форум аясында университеттің 10 студентіне «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы», «Академсеть», «SEA STAR TOURISM» және «КАМЕРТОН» сияқты кәсіпорындар «Жұмысқа шақыру» сертификаттарын табыстады.

Бұдан бөлек, METU университетінің үздік 5 студентіне жұмыс берушілер тарапынан арнайы атаулы шәкіртақылар тағайындалды.

Сонымен қатар «METU Life» студенттер журналының тұсауы кесілді, «Кітап алмасу бұрышы» ашылып, «Home Reading» кітабы жарық көрді. Кітаптың 1 мың данасы студенттерге тегін таратылды.