Ғылым және жоғары білім министрі AstraZeneca өкілдерімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі AstraZeneca өкілдерімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі AstraZeneca өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек AstraZeneca компаниясының Қазақстандағы өкілдері Мария Шипулева, Арсен Насырханов және Жалғас Данияровпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министрлік пен AstraZeneca арасындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды, оның мақсаты – Қазақстандағы жоғары білім және ғылымның инновациялық жүйесін дамыту.

Министр Саясат Нұрбек министрлік жоғары білім мен ғылым жүйесін реформалауда белсенді және жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті, бұл жұмыстың мақсаты – елдің ғылыми әлеуетін нығайту.

«Реформалардың негізгі бағыттарының бірі Орталық Азиядағы ғылыми-зерттеу академиялық хабын құру болып табылады, ол жас ғалымдарды тартатын орталыққа айналып, еліміздің кадрлық әлеуетінің дамуына ықпал етеді. Біздің міндетіміз – ғылым мен өндіріс арасында тұрақты байланыс орнату, бұл жоғары білікті ғылыми кадрларды тікелей Қазақстанда даярлауға мүмкіндік береді. Министрлік әлемдік жетекші институттармен белсенді қарым-қатынаста жұмыс істеп, халықаралық стандарттарды еліміздің білім беру және ғылыми жүйесіне енгізіп, сондай-ақ жасанды интеллект пен өнеркәсіп үшін инновациялық шешімдерді дамытуда», – деді Саясат Нұрбек.

Өз кезегінде AstraZeneca компаниясының Қазақстандағы директоры Мария Шипулева компанияның еліміздегі денсаулық сақтау және ғылым салаларын дамытуға қосқан көпжылдық үлесі туралы айтты.

«AstraZeneca – 100 жылдан астам тарихы бар халықаралық биофармацевтикалық компания. Біз инновацияларға едәуір ресурстар саламыз, қатерлі ісіктерді, жүрек-қан тамырлары ауруларын, аутоиммунды, респираторлы және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған жаңа дәрі-дәрмектерді әзірлейміз. Біз Қазақстан Үкіметінің инновациялар саласындағы бастамаларын қолдауға және озық медицинаға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, локализацияға, өндіріс пен адам ресурстарын дамытуға белсенді инвестиция салудамыз, сондай-ақ озық диагностика мен емдеу әдістерін енгізудеміз», – деп атап өтті Мария Шипулева.

Кездесу барысында тараптар академиялық ғылыми хабтарды дамыту, жасанды интеллект саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстандағы университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарымен, оның ішінде Nazarbayev University мен Кардифф университетімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу соңында қатысушылар Қазақстан

Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен AstraZeneca арасындағы ынтымақтастық елдің денсаулық сақтау жүйесі мен ғылыми әлеуетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.