«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІ: ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ

«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІ: ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ

«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІ: ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ

Бүгін, 10 қаңтар күні, ҚР Президенті «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды.

Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.

«Келешек» жүйесінің артықшылықтары:

🔹 ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);

🔹 жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;

🔹 екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі;

🔹 жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.

💰 «Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.

Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.

❓ Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады:

🎓 колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.

❓ Білім беру грантын алған жағдайда қаражатты қайда жұмсауға болады:

🎓 басқа техникалық және жоғары білім алуға;

💰 жинақтауды жалғастыруға;

💳 қаражатты ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаға аударуға;

🏡 тұрғын үй алуға пайдалануға;

💸 білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.