ВИЦЕ-МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

ВИЦЕ-МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

ВИЦЕ-МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке қабылдады. Кездесу барысында вице-министр ғылым мен жоғары білім саласындағы негізгі мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстарды тыңдады.

Қабылдауға Астана, Алматы және Семей қалаларының тұрғындары қатысты. Азаматтар негізінен жоғары оқу орындары, жоғары білім алу және білімдерін тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Олар сондай-ақ ғылыми жобаларын ұсынып, жатақхана мәселесін көтерді және ғылыми жұмыстарға қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар білдірді.

Вице-министр әрбір мәселе бойынша толық түсініктеме беріп, министрлік жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол осы саладағы мәселелерді шешуде халықпен өзара әрекеттестіктің маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр тиісті департаменттерге түскен ұсыныстар мен шағымдарды қарап, оларды шешу мақсатында министрлік жұмысына енгізуді тапсырды.