
2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 09.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Шымкент қаласы, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік-Қазақстан педагогикалық университеті, А. Байтұрсынов даңғылы 13 мекенжайы бойынша өтеді.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.