24 желтоқсанда Алматыда дербес компьютерлер өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшы Lenovo компаниясы заманауи цифрлық шешімдерімен жабдықталған Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өз аудиториясын ашты. Lenovo аудиториясының ашылуы – компания мен университет арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі. Бұл озық технологиялардың білім беру процесіне әсерін және инновацияларды дамытудағы маңызын көрсетеді.
Lenovo аудиториясы университеттің FabLab SU жобасы аясында ашылды. FabLab SU – бұл инженерлік мамандық және технологиядық стартаптар студенттерінің инновациялық идеяларын жүзеге асыруға арналған зертхана. Ол FabLab Massachusetts Institute of Technology зертханаларының Дүниежүзілік желісінің бөлігі, бүкіл әлем бойынша 1500-ден астам зертханаларды біріктіреді, олар студенттер мен зерттеушілерге озық технологияларға қол жеткізуге және әртүрлі елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Lenovo аудиториясы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Қазақстан-Корея АТ-орталығында орналасқан, Lenovo-ның ең заманауи құрылғылармен жабдықталған: мониторлар, ноутбуктер және 3D-модельдеу, инженерлік талдау және қосымшаларды әзірлеу сияқты ресурстарды көп қажет ететін міндеттерді шешу үшін ең жоғары өнімділікке ие жұмыс станциялары, жасанды интеллект базасы.
«Осы маңызды жобаның бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе. Lenovo смарт технологияны мүмкіндігінше көп адамға қолжетімді ету миссиясын алға тартады», - деді Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы Lenovo Intelligent Device Group Корпоративтік сату жөніндегі директоры Ғазиз Абдрасилов. «Жас кәсіпкерлер мен зерттеушілерді дамытуды университетпен бірлесіп қолдау мақсатында ашылған бұл аудитория Қазақстанның түрлі салаларының дамуына ықпал ететін көптеген инновациялық шешімдер мен жобалардың шығар жері болады деп үміттенеміз».
Lenovo аудиториясының кеңістігі бірнеше аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысының өзіндік функционалды мақсаты ғана емес, сонымен қатар тиісті жабдықтары бар. Сонымен CAD/CAM/CAE мамандандырылған бағдарламасымен жұмыс істеу және жасанды интеллект бойынша зерттеулер жүргізу, модельдеу және прототиптер жасау үшін аудиторияда ThinkStation жұмыс станциялары мен ThinkVision мониторлары бар ыңғайлы үстелдер орнатылған. Дәріс аудиториялары ThinkPad ноутбуктерімен және презентация материалдарын таратуға арналған үлкен сандық дисплеймен жабдықталған, ал стартап-жобаларды келіссөздер мен талқылау үшін ыңғайлы кеңістік ұйымдастырылған.
Зертхана жоғары технологиялық білімдерін тереңдеткісі келетін студенттер үшін, сондай-ақ өз жобаларын жүзеге асыруға ұмтылатын зерттеушілер үшін маңызды орталық болады. Студенттер модельдеу үшін Lenovo аудиториясын пайдалана алады. Оқытушылар жасанды интеллект бойынша сабақтар мен зерттеулер жүргізе алады. Стартаптар өнеркәсіпте қолдануға болатын өз өнімдерінің прототиптерін жасау үшін сыныпты жалға ала алады. Lenovo сондай-ақ аудиторияны серіктестермен кездесулер, презентациялар және деректерді өңдеуге арналған воркшоптар өткізу үшін пайдалануды жоспарлап отыр.