«Таза Қазақстан»: студенттер волонтерлік және экология мәселелерін талқылады

«Таза Қазақстан»: студенттер волонтерлік және экология мәселелерін талқылады

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде волонтерлік және экология тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны Ualikhanov University мен Ақмола облысының «Мейірім» волонтерлер клубы ұйымдастырды.

Кездесу барысында қатысушылар экологиялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті, маңызды әлеуметтік бастамаларды талқылады және жастардың еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді түрде қалай үлес қоса алатыны туралы айтты.

Сондай-ақ іс-шарада университеттің көптеген студентін қамтитын «Мейірім» еріктілер клубы Ақмола облысы «Жастар ресурстық орталығы» «Еріктілерді қолдау орталығының» фронт-офисі ұйымдастырған «Жыл волонтері-2024» байқауының жеңімпаздары ретінде танылғаны ерекше атап өтілді.

Дөңгелек үстел қоршаған ортаны сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін күш біріктірудің маңыздылығы талқыланған, пікір алмасуға шабыт беретін алаңға айналды.