SATBAYEV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ПАНЕЛЬДЕРІН ӨНДІРУДІ БАСТАДЫ

SATBAYEV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ПАНЕЛЬДЕРІН ӨНДІРУДІ БАСТАДЫ

SATBAYEV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ПАНЕЛЬДЕРІН ӨНДІРУДІ БАСТАДЫ

Сәтбаев университетінің Физика-техникалық институтының ғалымы Николай Чучвага бастаған ғалымдар тобы күн энергиясын баршаға қолжетімді ету мақсатында «Ғылым қорының» қолдауымен және «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесе отырып, «Гетероқұрылымды күн элементтері негізіндегі күн модульдерін өндіру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік цех» ашты.

Бұл – күн панельдерінің жаңа буынын өндіретін ерекше цех. Мұнда ғимараттардың қасбеттері мен терезелерінің элементтері ретінде пайдалануға болатын жаңа панельдер өндіріледі.

Панельдердің дизайнын тапсырыс берушінің талғамына қарай өзгертуге болады. Бұл әдіс ғимараттың эстетикасын сақтай отырып, энергия өндіретін панельдерді сәулет элементтерімен үйлестіруге мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша, цехтың іске қосылуы – Қазақстанның күн энергетикасын дамытудағы маңызды қадам, ол еліміздің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.