
Амангелді Нұрзада – ЕҰУ Жасанды интеллект технологиясы кафедрасының зерттеушісі.
2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, "Информатика" мамандығы бойынша білім алды. Университетті бітіргеннен кейін, ол ғылыммен айналысуға шешім қабылдап, магистратураға оқуға түсті. Содан бері Нұрзада ғылым саласында белсенді жұмыс істеп келеді. Университеттегі барлық білім деңгейлерін сәтті аяқтап, 2007 жылы "Информатика" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2009 жылы Информатика магистрі дәрежесін иеленді. 2018-2021 жылдар аралығында "Информатика" мамандығы бойынша докторантураны тәмамдап, 2024 жылы PhD дәрежесін алды.
Еңбек жолы ЕҰУ "Ғарыштық техника және технологиялар" кафедрасында оқытушылық қызметтен басталды. Қазіргі уақытта Нұрзада Жасанды интеллект технологиясы кафедрасында зерттеуші қызметін атқарады және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде постдокторант ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ол көптеген табысты ғылыми жобаларға қатысып, бірқатар гранттық бағдарламалардың жеңімпазы атанды. Олардың қатарында JANA ASU 2022, JANA ASU 2023 және "Жас Ғалым" сияқты гранттар, сондай-ақ "Инклюзивті инновациялар консорциумы" бағдарламасының гранты бар.
Нұрзада Амангелді "Естімейтін пайдаланушылар үшін қазақ ым тіліндегі веб-ресурстардың виртуалды аудармашысын әзірлеу" және "Қазақ ым тілін автоматты түрде сурдоаудармалаудың жаңа үлгілері мен әдістерін әзірлеу" жобаларының жетекшісі. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру арқылы ол инклюзивті инновациялар саласында елеулі үлес қосты.