
19 желтоқсан күні ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандыратын мәселелерін көтерді.
Кездесу барысында тұрғындар магистратура бағдарламаларына қатысты сұрақтар, оқу орындарына қосымша оқу құралдарын енгізу туралы ұсыныстар, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін қозғады. Вице-министр Талғат Ілиясұлы қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап беріп, әрбір мәселенің шешілу жолдарын талқылады. Көтерілген мәселелердің барлығы жеке бақылауға алынып, әр сауал бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмалардың орындалу барысы қатаң бақылауда болады.
Қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер ғылым және жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыруда маңызды рөл атқаратыны ерекше атап өтілді.