ҚАЗАҚСТАН COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДА КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛУДА

ҚАЗАҚСТАН COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДА КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛУДА

ҚАЗАҚСТАН COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУДА КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛУДА

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобасы Coursera-ның «Онлайн-оқыту арқылы жоғары білімді трансформациялау: әлемдік университеттердің табысты тәжірибелері» атты есебінде таныстырылды.

Бұл үздік тәжірибелер жинағына Америка, Еуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өңірлерінің 12 жетекші жоғары оқу орны кірді. Бұл университеттер Coursera курстарын өздерінің оқу бағдарламаларына енгізіп, кредит ретінде есептеуді қарастырған. Мұндай бастамалардың мақсаты – студенттерді еңбек нарығына дайындау, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру, университеттердің рейтингтердегі орнын нығайту және оқытушылардың тапшылығы мәселесін шешу.

Есепте Қазақстанның университеттерге арналған онлайн-курстарды оқу бағдарламаларына интеграциялаудағы жетістіктері атап өтілген. Елімізде Coursera-ның 53 курсы университеттердің 116 пәнін толығымен алмастырды, ал 3,2 мың курс 1,6 мың пәнге ішінара енгізілді. 80 мыңнан астам студент курстарды аяқтап, 140 мыңнан астам сертификат алды. Курстардың орташа бағасы – 4.9 (5 балдық жүйеде).

Азия-Тынық мұхиты аймағында Қазақстан студенттердің жоғары белсенділігімен және қанағаттану деңгейімен ерекшеленіп, бизнес, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамытуда көш бастап тұр. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Филиппинде де курстардың орташа бағасы – 4.9, негізгі дағдылар бизнес, инженерия және денсаулық сақтау салаларын қамтиды, 37 мың студент оқытылды. Малайзияда бизнес пен IT салаларындағы дағдыларға сұраныс жоғары, курстардың орташа бағасы – 4.75, тіркелгендер саны – 47 мың. Үндістанда басқару және технология салалары басты назарда, тіркелгендер саны – 100 мыңнан астам, орташа бағасы – 4.5.

Қазақстан әртүрлі салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдегі көшбасшылық ұстанымын нығайтып келеді. Coursera-мен серіктестік еліміздің жоғары білім жүйесінің табысты цифрлық трансформациясының жарқын мысалы және Қазақстанның өңірдегі жетекші білім орталығына айналу жөніндегі стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға үлес қосады.