ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

Бүгін, 18 қыркүйек күні, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистерге жоғары оқу орнының ғимаратында өткізілген тур аясында зертханалар, мұражай, арт галерея таныстырылды. Бас корпустан кейін университеттің жаңа корпусы таныстырылды.

80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1986 жылдан бері алғаш рет Алматы қаласының орталығында оқу ғимаратына ие болды. Мемлекет тарапынан берілген оқу ғимаратының ауданы 12 мың шаршы метрден асады. Баспасөз туры барысында журналистерге QyzPU ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов оқу орнының жетістіктері мен даму преспективалары туралы ақпарат берді. Ол қонақтарды заманауи білім беру алаңдарымен, сондай-ақ университетте білім беру процесіне енгізіліп жатқан заманауи әдістермен таныстырып, алға қойылған жоспарлармен бөлісті.

«80 жылдық мерейтой қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне жаңа оқу корпусының берілуі QyzPU ұжымы үшін тарихи оқиға болды. Жаңа ғимарат университетке шілде айынан бастап заңды түрде пайдалануға берілді. Қазіргі таңда үшінші, төртінші, алтыншы қабаттарда хореография, педагогика, психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқу жүріп жатыр. Болашақта магистранттар мен докторанттарды да осы ғимаратта оқытуды жоспарлап отырмыз. Білім ордасында жалпы саны 12 005 студент бар. Биыл 1 курсқа 5 мыңға жуық студентті қабылдадық. Білім алушыларға жағдай жасау – біздің міндетіміз», – деді проректор.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жаңа ғимаратқа тағы да заманауи құрал-жабдықтар алынады.