TIANJIN UMS SMART TECHNOLOGY-МЕН КЕЗДЕСУ: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДРОНДАР ЗЕРТХАНАСЫН ҚҰРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

TIANJIN UMS SMART TECHNOLOGY-МЕН  КЕЗДЕСУ: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДРОНДАР ЗЕРТХАНАСЫН ҚҰРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

TIANJIN UMS SMART TECHNOLOGY-МЕН КЕЗДЕСУ: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДРОНДАР ЗЕРТХАНАСЫН ҚҰРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd компаниясының өкілі, профессор Own Chung-Ming-пен (Қытай) кездесу өтті. Іс-шараға университет басшылығы, сондай-ақ Ғылым департаменті, Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Математика, физика және информатика факультетінің өкілдері қатысты.

Кездесудің мақсаты Абай университеті мен Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd арасындағы дрондар зертханасын құру және дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.

Кездесу барысында дрон-технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға бағытталған тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін бірегей платформа құру жоспары егжей-тегжейлі талқыланды. Еліміздің жетекші педагогикалық университеті базасында дрондар зертханасын құруға, сондай-ақ Tianjin UMS Smart Technology Co Ltd мен Абай университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

«Біздің компания – кішігірім лаборатория іспеттес. Қазіргі уақытта мен дрон және роботтарды құрастырып, олардың құрылымын дамытудамын. Біздің дрондар жасанды интеллектті енгізуге, сондай-ақ ойынға негізделген оқыту әдістерін жасауға болатын дрондарды әзірлеу үшін қолданылады. Бүгінгі таңда студенттерге компьютерлік технологиядан сабақ беремін, олардың осы салаға белсене араласуына жағдай жасап жатырмын», - деді Тяньцзинь университетінің профессоры Own Chung-Ming.

Екі ел арасындағы кездесу екі ұйымның ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ете отырып, озық технологиялардың дамуын жеделдететін және студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ынтымақтастыққа берік негіз болды.

видео