
БҮГІН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫ БАСТАЛДЫ
💫 16 тамыздан бастап докторантураға түсу емтихандары басталды. Емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 11 шілде мен 3 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылды.
📍 Докторантураға түсу емтихандарына 3577 адам қатысады. Емтихан бүгін басталып, 21 тамызға дейін жалғасады.
🖋 Түсу емтиханына әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды.
📌 2024 жылдан бастап түсушілердің бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың белгілі бір деңгейі талап етілмейді. Сондай-ақ, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша түсушілер емтихан барысында эссе жазбайды. Ең жоғары көрсеткіш – 80 балл, оның ішінде әңгімелесуге – 25 балл, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хатына (болған жағдайда) – 5 балл және бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балды құрайды. Шекті балл – кемінде 50 балл.
🔎 Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетінде таныса алады.
💡 Болашақ докторанттар үшін 2,7 мыңнан астам грант бөлінген.