МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

✔ Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Ол 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.

📍 Барлығы 39 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Оқуға түсушілердің 43%-ы шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.

📚 Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.

🖇 Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жоо-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.

📑 Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты және шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда). 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсырады.

🔎 Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.

📌 Магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

⚡ Магистратураға білім беру гранты иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

💡 Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.