Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты

✔️Ақордада бейнебайланыс режимінде Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің қатысуымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының, сондай-ақ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалының ресми ашылу салтанаты өтті.

✔️Мемлекеттер басшыларына жаңа филиалдардың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

✔️Шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі Конгратбай Шарипов екі елдің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығы жөнінде баяндама жасады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев университеттер филиалдарын ашуға рұқсат берді.

t.me/aqorda_resmi