«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 850 ГРАНТ БӨЛДІ

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 850 ГРАНТ БӨЛДІ

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ 850 ГРАНТ БӨЛДІ

📍«Қазақстан халқына» ҚҚ 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр.

Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады.

📚 Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі.

📑 Өтініш берушілерді таңдау критерийлері:

✔ ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;

✔ жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

✔ мүгедектігі бар;

✔ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;

✔ 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

✔ 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

📌 Толық ақпарат qazaqstanhalqyna.kz  сайтында.