Грант куәлігін алдым, ары қарай не істеймін?

Грант куәлігін алдым, ары қарай не істеймін?

Грант куәлігін алдым, ары қарай не істеймін?

📌 Бұл сұраққа ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жауап берді.

💻 Грант куәлігі grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді. Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін жоо-ларға құжаттар тапсыру керек.

📑 Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

🔻 жеке куәлік,

🔻 3х4 көлеміндегі фото,

🔻 орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом,

🔻 № 075/у нысанындағы медициналық анықтама,

🔻 ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі,

🔻 білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда),

🔻 жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).

🙌Сәттілік, болашақ студенттер!