ZHETYSU UNIVERSITY СТУДЕНТТЕР ҮЙІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттер үйі жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы университеттің 3 жатақханасында студенттердің тұруының барлық нормативтік стандарттарына сәйкес келетін 917 жатын орын бар.
Қазіргі таңда 2 жатақхана студенттердің толық орналасуына дайын. №2 жатақханада жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша тамыз айының 20 күні толық жөңдеу жұмыстары аяқталып, студенттер орналастырылады.
Жатақханалардың қазіргі жағдайымен таныс болған университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Ермек Бурибаев қазіргі таңда студенттерді орналастыру университеттің басты назарында екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты мамандарға бірінші курс студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз етуді және әрбір білім алушы жастардың студенттер үйіндегі қауіпсіздігін жіті назарда ұстауды тапсырды.