АЛҒАШ РЕТ ІШІНАРА ОҚУ АҚЫСЫ БАР САРАЛАНҒАН ГРАНТТАР ЕНГІЗІЛДІ
«Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған грант бөлінген. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген, оның ішінде, 2024 жылы алғаш рет колледж түлектері үшін 400 астам грант қарастырылды.
«Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Оқу бітірген соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа кеңейтілді», - деді ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
Сонымен қатар, гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші ЖОО-ларда оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған. Балалар осы арнайы грантқа да, жалпы конкурсқа да қатыса алады. «Өңірлік ЖОО-ларды қолдау көрсетіледі.
Педагогикалық, ауыл шаруашылық және инженерлік мамандықтар бойынша мақсатты гранттар бөлініп отыр», - деп атап өтті Гүлзат Көбенова.