Кеше Мемлекет басшысы "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңға қол қойды
❓ Жаңа Заңның жаңашылдықтары қандай 👇
🔬 Ғылыми зерттеулерді іске асыруға ұсынылатын негізділік пен технологиялық дайындықты (TRL) бағалаудың жаңа тетігі енгізілді.
⚡ Ғылым қорының Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі кеңейтілді.
🌐 Инновациялар мен жаңа технологиялар нарығын мониторингтеу мақсатында ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша жаңа механизм енгізілді.
🏡 Ғалымдарды ынталандыру мақсатында жас ғалымдар үшін жеңілдікті тұрғын үй сатып алу құқығы енгізіледі.
📍 Салық кодексінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салық шегерімдерін беру бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары ұсынылады. 50% мөлшерінде салық шегерімдері көзделген.
🔎 Жергілікті атқарушы органдарға ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, гранттық қаржыландыру нысанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша құзыреттер беру ұсынылады.
💡 Жоғары ғылыми ұйым нысанындағы Ғылым академиясының жаңа мәртебесі айқындалды.
📃 Президент қол қойған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді. Мәселен, ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу рәсімдері енді Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін қағидалар бойынша жүзеге асырылады.