MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗДІ

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗДІ

    Бүгін Maqsut Narikbayev University-де Charity Spring Fest қайырымдылық фестивалі өтті. Charity Spring Fest – бұл Наурыз және Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлауға арналған шара.

    Іс-шара аясында Индонезия, Түрікменстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Жапония елшіліктері мен Үндістанның мәдени орталығы өздерінің би және музыкалық қойылымдарын көрсетті, қайырымдылық жәрмеңкесі аясында ұлттық тағамдары мен кәдесыйларын қойды.

    Сондай-ақ, фестиваль аясында ұлттық ойындар ойнатылып, жеңген қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

    Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев өз сөзінде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау мақсатында іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, бастаманы қолдаған елшіліктерге алғысын білдірді.

    «Жыл сайынғы дәстүр бойынша университет Spring Fest шарасын өткізіп келеді. Фестиваль аясында студенттер әртүрлі елдердің мәдениеті мен ұлттық дәстүрімен шынайы таныса алады. Осы жылы елдегі орын алған табиғи апаттарға байланысты барлық жиналған қаражатты зардап шеккен аймақтарға жолдайтын боламыз.  Игі бастамамызды қолдаған елшіліктерге үлкен алғысымды білдіремін, көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуді тоқтатпайық», - деді ол.

    Айта кетейік, бұл іс-шара университетте жыл сайын өткізіледі және биыл жәрмеңкеден жиналған қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қорларға берілетін болады.