Елдегі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде?

Елдегі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде?
Елдегі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде?
 
➤ Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады.
➤ Мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші кварталда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды.
 
🔹Жеке тұрғын үйі немесе жалғыз тұрағы болып саналатын саяжайын су басып, қалпына келтіру мүмкін болмай қалған азаматтар үшін мәселені екі түрлі жолмен шешу ұсынылған:
➤ жаңа үй салу.
➤ өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен шекті сома аясында азаматтардың таңдауына сай нарықтан дайын баспана сатып алу.
➤ Тасқын судан зардап шеккендер үшін қарастырылған 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлем 11 мыңнан аса отбасыға төленді.
 
✅Өтелмеген несиесі бар азаматтар мен кәсіпкерлерге банктер мен микроқаржы ұйымдары 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі аралықта берешекті өтеу мерзімін ұзартуды қарастыруда. Бұл аралықта зардап шеккендерге айыппұлдар салынбайтын болады. Аймақ әкімдіктері 5 мыңнан аса азаматтың және 110-нан аса бизнес субъектілерінің тізімін жасаған.
✅Эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Бұған қосымша 4 мыңнан аса орынға резерв дайындалды.
⏺ Зардап шеккен 6 аймақтағы түлектер үшін ұлттық бірыңғай тест бөлек кестемен өткізіледі.
⏺Барлық медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек қоры әзірленген.
⏺Эпидемиологиялық бригадалар құрылып, жапа шеккен аймақтардағы ауыз су сапасы мен ерекше қорғалатын аумақтар тұрақты бақылауға алынған.