BAITURSYNULY UNIVERSITY АРХЕОЛОГТАРЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕРІ КАТАЛОГЫН ӘЗІРЛЕУДЕ

BAITURSYNULY UNIVERSITY АРХЕОЛОГТАРЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕРІ КАТАЛОГЫН ӘЗІРЛЕУДЕ

     Көне жәдігерлер каталогын жасау үшін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің (ҚӨУ) археологиялық зертханасының ерекше экспонаттары таңдалып алынды. Республикалық Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының, Қостанай ЖОО ғалымдары мен бүкіл өңір мұражай қызметкерлері өткен жылдан бері осы ауқымды жоба аясында жұмыс істеп келеді.

    Археология институтының Астана филиалының археологы Архат Қайырмағамбетов біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған әрбір үлгіні фото аймаққа жинауда.

    «Мен осы аптада университетте, содан кейін аймақтың өлкетану мұражайларында бағзыдан жеткен ыдыстарды, ата-бабамыздан қалған үлгілерді фотоға түсіріп, жинаққа жинаймын. Каталогқа әртүрлі дәуірлердегі 250-ге жуық экспонаттар кіреді. Жұмыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде өтуде және 2025 жылға дейін есептелген», - деді археолог.

    «Солтүстік Қазақстан тас дәуірі мен қола дәуірі олжаларымен танымал. Бұл қазу таяқшаларына салмақ түсіретін орындар, тасты өңдеудің нүктелік техникасы – арқылы пикетаж жасалған ойықтары бар жұмбақ «үтіктер». Оларды жебе біліктерін түзету үшін қолданған деген пікір де бар. Мұндай бұйымдар жылқыларды қолға үйретумен танымал Ботай-Терсек мәдениетіне тән», - деді ҚӨУ археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері Ирина Шевнина.

    Артефактарда барлық құпиялар сақталған. Жылқылардың ою-өрнегі бар сүйектері ежелгі адамдардың өмірінде қандай рөл атқарғаны әлі белгісіз. Америкалық ғалымдар бұл стильдендірілген әйел фигуралары деп санағанымен, оны дәлелдейтін әзірге ешқандай дерек жоқ.

    Архат Қайырмағамбетов артефактілерді фотоға түсірсе, ҚӨУ археологиялық зертхана меңгерушісі Андрей Логвин мен оның әріптесі Ирина Шевнина жәдігерлерді зерттеу үстінде. Олардың міндеті – ежелгі адамдардың археологиясы мен өмірін қызықты әрі түсінікті етіп жеткізу. Өйткені каталог қарапайым оқырмандарға арналған.