ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР БІШКЕКТЕ ӨТКЕН «ҒЫЛЫМ КҮНДЕРІ-2024» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР БІШКЕКТЕ ӨТКЕН «ҒЫЛЫМ КҮНДЕРІ-2024» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
    Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Жоғары медицина мектебі Бішкек қаласында өтіп жатқан И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясындағы «Ғылым күндері-2024» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

    Конференцияның бірінші күні тақырыптық баяндамалар оқылып, студенттер арасында пікірталас орнатылды.
«Ақмола облысындағы жүректің ишемиялық ауруымен сырқаттанушылық динамикасы» зерттеуі үшін Ualikhanaov Universitу-дің 4-курс студенті Иван Шишкин «№1 профилактикалық медицина» секциясы бойынша бірінші орынға ие болды.

    Сонымен қатар аталған оқу ордасының 1-курс студенті Карина Қожахмет «№2 профилактикалық медицина» секциясы бойынша «Ақмола облысындағы тері меланомасының сырқаттанушылық ерекшеліктері» тақырыбындағы зерттеуімен екінші орынды еншіледі.

    Бұл конферениясының негізгі мақсаты - студенттер теориялық білім алып қана қоймай, оны практикада белсенді түрде қолдануына мүмкіндік жасау. 11 секцияда өткен медициналық зерттеулерге жаңашыл көзқарастар айтылды. «Біздің қатысушы студенттеріміз болашақ медицина саласының дамуына үлес қосады деп білемін. Бұл жетістіктер біздің студенттерге жоғары деңгейде білім беріп жатқымыздың айқын дәлелі деп білемін,» - медицина ғылымдарының докторы, профессор дейді Игісін Нұрбек.