MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-ДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАКАТОН ӨТТІ

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-ДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАКАТОН ӨТТІ

  Аталған іс-шараның мақсаты – студенттік стартап жобаларды және туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау. Хакатонға еліміздің жетекші университеттерінен, атап айтқанда Maqsut Narikbayev University, Nazarbayev University, Astana International University, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, AITU, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Торайғыров университеті, KazUTB, Ш. Есенов атындағы КТИУ, ЕҰУ және Kazakh-British Technical University-нен 100-ден астам студент қатысты. Хакатонның жалпы жүлде қоры 1 600 000 теңгені құрады. Бұл іс-шараны MNU «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.
 
    Республикалық Хакатонның ресми ашылуы барысында MNU Провосты Сергей Пен қатысушыларға:
«Бұл іс-шара студенттерге өздерінің мықты қасиеттерін көрсетуге және команда құрып үйренуге мүмкіндік береді. Екі күн бойы олар идея үшін ғана емес, оны жүзеге асыру үшін де атсалысатын болады».
 
    Хакатон қатысушылары экотуризм, инклюзивті туризм, көлік компанияларына арналған шешімдер, ағылшын тіліндегі онлайн гидтер, қонақүйлерге арналған B2B шешімдер, туристік автобустарға арналған маркетплейс сияқты әртүрлі бағыттар бойынша жобалар дайындады.
 
    Бірінші орынды «Dataflow» командасы иеленді, олар туристік агенттердің сенімділігін тексеретін жоба әзірледі. Ал «Sanatopia» командасы екінші орынға ие болды. Жоба мақсаты – қонақүйлерден корпоративтік бағаларды алу үдерісін цифрландыру. Үшінші орынды «Take over blur» командасы иеленді. Олар туристік автобустарға арналған қосымша дайындады. Сондай-ақ «Fighting» командасы көрермендер көзайымы сыйлығын жеңіп алды.
 
    «Менің ойымша, бұл Хакатонның қатысушылары болашақта Nasdaq-та немесе басқа да биржаларда сатылатын компанияларды құрайтын болады. Осы жарысқа қатысқан студенттер – әлемдік деңгейдегі цифрлық шешімдер ойлап табатын провайдерлер болатынына сенімім зор. Ал біз – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ретінде осы іс-шараны қолдауға әрдайым дайынбыз», - деді «Kazakh Tourism» Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов.
 
    Айта кету керек, бұл шараның туризм саласын дамытудағы рөлі аса маңызды, аталған хакатон жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдердің алаңына айналмақ.