Kozybayev University оқытушылары мен студенттері құтқарушыларға көмекке шықты

Kozybayev University оқытушылары мен студенттері құтқарушыларға көмекке шықты

    Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары, студенттері мен қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесу үшін жергілікті тұрғындар мен ТЖД қызметкерлеріне көмекке шықты. Құтқарушылардың жетекшілігімен Жастар тасқын сулардан уақытша қоршаулар жасау үшін қаптар дайындады.

    "Мен өз елімнің патриоты ретінде облысымыздағы су тасқынының алдын алу бойынша көмекке қатысқым келеді. Біз, жастар, осы қиын уақытта қолдау көрсетуіміз керек", - деп атап өтті СҚУ студенті Ыбырай Өмірзақов.

    Сондай-ақ, ЖОО базасында су тасқыны салдарынан зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау басталды.